Қазақстандықтар Швейцарияда PhD дәрежесін алуына болады

Швейцарияның шетел студенттеріне арналған стипендиялық бағдарламалар бойынша федералдық комиссиясы шетелдіктерге соның ішінде Қазақстан азаматтарына PhD дәрежесін алуға арналған мемлекеттік стипендия ұсынды, деп  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на сілтеме жасап.Үміткерге Швейцариядағы 10 кантональдық университет, екі федералдық технология институты немесе мемлекеттік оқу және зерттеу институттарында білім алу ұсынылады.

Стипендияны барлық академиялық сала бойынша қажетті дәрежесі бар жоғары білікті аспиранттар ала алады. Білім алу ұзақтығы 3 жыл.

Грантта 1 920 швейцария франкі көлемінде шәкіртақы, медициналық сақтандыру, елге келіп-кету жолақысы, Швейцариядағы қоғамдық көлік билетіне жеңілдік, талап етілетін түрлі зерттеулер шығыны қарастырылған.

Стипендия және оның шарттары туралы нақты ақпаратты 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Шетелдік студенттерге арналған стипендиялар жөніндегі федералдық комиссияның сайтынан білуге болады.

Талап бойынша, кандидаттың жасы 35-тен кем болмауы, магистр дәрежесі болуы қажет. Сондай-ақ, шәкіртақы алуға өтінім берген кезде, қабылдайтын мекеменің докторлық бағдарламасында алынуы керек.

Швейцарияда бір жылдан астам тұрған үміткерлер стипендиялық бағдарламаға өтініш бере алмайды.

Үміткерлер профессордың атынан кандидаттық диссертациясын қолдауын және жұмыс жетекшісі болуына келісуін негіздейтін профессордың хатын (оның қысқа түйіндемесімен бірге) ұсынады. Сонымен қатар қажетті тілдік білім талап етіледі.

Шәкіртақы иегерлері PhD докторантураны оқу кезінде Швейцарияға тұрады.

Үміткердің талап етілген құжаттарды Астана қаласындағы Қазақстандағы Швейцария Елшілігіне жолдауы тиіс. Қосымша сұрақтарға да осы жерде жауап беріледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе