Байзақ ауданында жастарға арналған Білім орталығы ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Білім орталығы ашылды. Бұл туралы «Ауыл жаңалығы» басылымына сілтеме хабарлайды.

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияға жаңа жобалар мен міндеттерді тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар, соның ішінде аймақтық кітапханаларды жаңғырту аясында жастарға арналған білім орталықтарын ашу туралы тапсырма берген болатын. Аталған жоба аясында және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басты міндеттерді іске асыру мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада білім орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев жастарды кітап оқуға тартудың ең тиімді жолы - кітапханалар жүйесін жаңғырту болып табылатындығын, бұл бағытта қолға алынған жобалардың жемісін жұртшылық көріп отырғандығын жеткізді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған білім орталығының қызметіне сәттілік тіледі. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, түрік этномәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Өмірбекова қонақтар мен оқырмандарды кең әрі жарық бөлмеге жайғасқан орталықпен таныстырды.

Білім орталығы төрт алаңға бөлінген: білім мен ғаламтор, кітап оқу, кофе, жұмыс алаңдары.

Барлық алаңдар қажетті құралдармен жабдықталған. Білім мен ғаламтор алаңында керекті ақпараттарды алып, әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтуге, теледидардан қызықты бағдарламалар мен мультфильмдерді көруге мүмкіндік мол. Келесі алаң - кітап оқу алаңы. Оқырмандар жұмсақ жиһазға отырып, кітап, мерзімді басылымдар оқиды, демалады. Кофе алаңында кофе ішіп, пікір алмасады. Жұмыс алаңында қоғамдық емес ұйымдар, ұжымдар, мекемелер мен бірлестіктер, қызығушылық клубтар әртүрлі жиындар, іс-шаралар өткізеді.

Білім орталығын заманауи құрылғылармен жабдықтауға жергілікті бюджеттен 2 млн теңге жұмсалған.

«Егемен еліміздің басты мерекесі қарсаңында ашылған білім орталығында жастардың білімдерін жетілдіріп, қажетті ақпаратты алуына барынша жағдай жасалып отырғандығы қуантты», - дейді оқырман Ержан Әбдібекұлы.

Жұмыс істеуге қажетті кеңістік пен ыңғайлы орындықтар, жеке және топпен жұмыс істеуге арналған алаң, жылдам интернет пен тегін вай-фай, принтер мен сканер бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе