Бүгінгі жастардың қазақ тілінде еркін сөйлей алмауы өкінішті - Тіл комитетінің төрағасы Е.Шәймерден

АСТАНА. Қарашаның 24/Арман Асқаров/ - Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және даму жолдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, деп .

Ғылыми мәслихатта қазақ тілі мен әдебиетін жаңа ақпараттық технологиялардың негізінде оқыту және осы саладағы халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану мәселелері талқылануда. Мемлекеттік тілді жүйелі оқытудың жаңа жолдары, ілеспе аударма жұмысын дамыту, «тіл-мәдениет-аударма» тұтастығын сақтау және тағы басқа өзекті проблемалар конференцияның басты тақырыбына айналып отыр.

«Біз бүгінгі жастардың қай ұлттың өкілі болмасын, жоғары оқу орнынан кейін қазақ тілін біліп шығуы тиіс деп айтқан болатынбыз. Содан бері екі толқын жоғары білім алып шықты. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдарда сол  буынның өкілдері отыр. Олар әлі күнге дейін қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды. Міне, бүгінгі конференция осы мәселені тереңдей зерттеп, нақты іс-шаралардың қабылдануына өз септігін тигізуі тиіс»,  деді мәжілістің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шәймерден.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе