Қазақстан мен Палестина арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар аясы кеңеюде

АСТАНА. 11 2013 жылғы 7-8 қазанда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі және Палестинадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Сәрсенбаев Палестинаға жұмыс сапарымен барып, осы елдің бірқатар министрліктері мен мекемелері өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.Бұл туралы дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Палестина арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар аясын кеңейту мәселелерін талқылау сапардың негізгі мақсаты болды.

Сыртқы істер министрінің Азия, Африка және Австралия істері жөніндегі орынбасары елші Мазен Шамиямен кездесу барысында 2014 жылдың басында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-палестина үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысын, сондай-ақ бірлескен Іскер кеңесінің 1-ші отырысын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Палестина тарапына екі ел сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара саяси кеңесулер туралы меморандум және Қазақстан Республикасы Сауда-өндірістік палатасы мен Палестина Мемлекеті Сауда-өндірістік және ауыл шаруашылығы палатасы арасындағы ынтымақтастық келісімі жобалары ұсынылды.

Палестина сыртқы істер министрінің көпжақты ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Рауан Абу Юсеф ханыммен жүздесу барысында 2013-2019 жылдарға ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар комитетіне Қазақстанның кандидатурасын қолдау және штаб-пәтері Астанада орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымының жарғысына қол қоюға Палестина тарапының әзірлігі мәселелері талқыланды. Палестиналық дипломат Қазақстан Үкіметін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық шеңберінде белсенді қызметіне алғысын білдіре отырып, бұл бағыттағы тығыз ынтымақтастық алдағы уақытта өз жалғасын табатынына сенім білдірді. 2013 жылғы 4 қазанда Парижде өткен дауыс беру барысында Палестинаға қатысты ЮНЕСКО-ның 6 қарарына қазақ тарапының қолдау білдіруін Қазақстанның сыртқы саясаты бірізділігінің дәлелі екені атап айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Қазақстан денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың Палестина Денсаулық сақтау министрі Жауад Ауадтың атына жолдаған Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық конференциясына шақыруын табыстады. Палестиналық министр 2013 жылғы 6-7 қарашада Алматыда өтетін осы іс-шараға қатысатынын растады. Сонымен қатар, тараптар екі ел жоғары оқу орындарында оқу үшін өзара студенттер алмасу туралы келісті.

Сапар шеңберінде Палестина саяси элитасы ақсақалдарының бірі, бұрынғы Премьер-министр, Парламент спикері, сондай-ақ Осло келісімдерінің белсенді қатысушысы Ахмед Құреймен екіжақты кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Палестинаны азат ету ұйымы Атқарушы Комитетінің мүшесі лауазымын атқарып отырған Ахмед Құрей Қазақстан басшылығына Палестинаның халықаралық сахнадағы ұмтылыстарына тұрақты түрде қолдау білдіруіне шынайы ризашылығын білдірді, сондай-ақ Шығыс Иерусалим аудандарындағы қазіргі жағдай туралы баяндап берді.

Бұған қоса, Елші Болат Сәрсенбаев Палестинаның телерадиокешені Бас директоры Ахмед Хаззуримен кездесіп, ақпарат саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісінің сапары туралы хабарламалар палестиналық алдыңғы қатарлы газеттері мен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарық көрді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе