Түркістан облысында жалпыұлттық мәдени-білім беру шарасы өтті

– Түркістан облысында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-білім беру шарасы өтті.ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған ауқымды шара Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды, деп тілшісі. Аталған шара аясында өңірдегі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі өтті. Ал, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – алғыс хаттар берілді.Айта кетейік, балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу мен насихаттау арқылы балалардың бойында зияткерлікпен бірге рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Жоба аясында республиканың барлық мектептерінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал тұлғалармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізілді. Жалпы, аталған жоба балаларға және оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруге бағытталған. Бұдан бөлек, іс-шаралар аудан-қалалық, облыстық деңгейлерде өткізіліп, Түркістан облысында да жалғасын тапты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе