ҚР Президенті Көкшетаудағы физика-математикалық Назарбаев Инттеллектуалдық мектебінің ұжымымен кездесті

КӨКШЕТАУ. 10 Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне сапар жасады.Мемлекет басшысы ақпараттық стендтермен танысып өтіп, оқу мекемесінің педагогикалық ұжымымен, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен  бейресми әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында Президент білім беру жүйесінде өткізіліп отырған реформалар мәселесін қозғап, білім беру процесін жаңғырту қажеттілігін атап өтті. Дәл сондықтан үздік халықаралық білім беру бағдарламаларын байқап көруде тәжірибелік алаң болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ерекше назар аударылады.

Облыста Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми ашылуы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде болды, оқу мекемесінің жобалық қуаттылығы - 1200 адам. Бүгінде білім ошағында 799 бала оқиды, 180 адам жұмыс істейді. Биыл мектепті 87 оқушы бітіріп шықты, олардың 21-і оқуды «Алтын белгімен», 8-і - үздік аттестатпен аяқтады. Оқушылар түрлі байқаулар, олимпиадалар және жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады. 2011 жылы төрт оқушы Еуропада (Рим, Венеция, Альпі, Париж) шығармашылық және ғылыми жұмыстар байқауының (Фиджип-Евроталант-2011) жүлдегерлері болды. Сол жылы Швейцарияда өткен Халықаралық ғылыми олимпиадада мектеп оқушылар 5 жүлделі орынды иеленді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе