Қазақстан алып корпорациялар сияқты жұмыс істейтін болса, онда біз алға жылжитын боламыз - Елбасы

АСТАНА. 5 Қазақстан алып корпорациялар сияқты жұмыс істейтін болса, онда біз алға жылжитын боламыз. Бұл туралы бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде интерактивтік дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.«Дамудың жаңа кезеңіндегі экономикалық саясат біздің инвестициялық саясатымызды айтарлықтай түзетуді болжамдайды. Инвестиция барынша мол қайтарымы бар салаға ғана құйылады. Бұл белгілі аксиома», - деп атап өткен Мемлекет басшысы сонымен қатар бизнеске жайлы жағдай жасалғанда, меншікке қол сұғылмағанда, келісімшарт өзгермегенде ғана инвестиция молынан тартылатынын баса айтты.

«Қазақстаның заманауи экономикалық моделінің кіріс мотивациясы мен инвестиция қайтарымы әлемдік үздік корпорациялардағыдай болады», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің пайымынша, мемлекет әрбір теңге жоқ дегенде 10 тиын пайда әкелетіндей бағытта жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет қаржысы салынған әрбір корпорация, әрбір компания пайда әкелуі тиіс.

«Егерде бүкіл Қазақстан алып корпорациялар сияқты жұмыс істейтін болса, онда біз алға жылжитын боламыз», - деді Н.Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе