Қазақстандық оқушылар құрамасы Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан олжалы оралды

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат -  Қазақстандық жас математиктер командасы   Кунминг қаласында  өткен  Батыс  Қытай математикалық  олимпиадасында   2 алтын,  1 күміс  және  3 қола  медальді қанжығалады.   Бұл  туралы   «Дарын»   республикалық  ғылыми-тәжірибелік  орталығынан   хабарлады. 

 Олимпиадаға   республика мектептерінің 10-11-ші сынып оқушылары  қатысты.  Атап айтқанда,    Талдықорғандағы  №20  мектеп-лицейдің оқушылары Нұрсұлтан  Қажымұратов пен Қанат  Сатылғанов   алтын  медаль жеңіп  алды. Ал Павлодардағы №8 мектеп-лицейдің 10-шы сынып оқушысы Андрей Дробах  күміс медаль     иеленсе,  дарынды балаларға арналған Ө.Жәутіков атындағы      республикалық мамандандырылған  физика-математика  мектеп-интернатының     оқушылары    Темірұлан      Мұсаев пен    Медет   Жанболатұлы, сондай-ақ   елордалық     қазақ-түрік  лицейінің   оқушысы  Рауан  Рахмет    қола медальді  еншіледі.

 Батыс қытай математикалық олимпиадасы   қазанның  25-і мен   қарашаның 2-сі  аралығында өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе