Ректор Лондон Олимпиадасына лицензия жеңіп алған студент- спортшылармен кездесті

АСТАНА. 19 сәС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев Лондон Олимпиадалық ойындарына жолдамаларды жеңіп алған университеттің «боксшы» студенттерімен кездесті.Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске салайық, Лондонда өтетін XXX Жазғы Олимпиадалық ойындарға жолдамалар сарапқа салынған бокстан AIBA Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирі 12 сәуір күні Астана қаласында өтті.

Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғайтын спортшылар - экономикалық факультеттің 3-курс студенті Данияр Елеусінов (64 келі салмақ дәрежесінде) және агрономия факультетінің 3-курс студенті Ілияс Сүлейменов (52 келі). Олимпиада ойындарына елімізден барлығы 9 боксшы қатысады.

Кездесу барысында ректор А.Күрішбаев спортшылардың іріктеу ойындары кезіндегі өнерлеріне тәнті болғанын және Лондон Олимпиадалық ойындары кезінде де негізгі жанкүйерлері болатынын айтты. Сондай-ақ олимпиадалық шаршы алаңда алтын медальді қанжығаларына байлап қайтуға тілектестігін білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе