Тараздағы екі университет бірігіп, қайта құрылады

– Тараздағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Универсиететі мен Тараз мемлекеттік педогогикалық университет бірікті,- деп тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай өңірдегі екі іргелі оқу ордасының қосылуы туралы ел ішінде ақпарат тараған болатын. Осы орайда көптің көкейіндегі сауалға жауап іздеп, біз университет басшылықтарына хабарласқанымызда олар осы мәселе туралы министірліктің шешімі қабылдағанын, алайда арнайы Үкімет қаулысының шықпағанын жеткізген еді. Енді, міне, ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы шығып, бұл орайдағы екіұшты әңгімелердің нақты шешімі айтылды. Ол туралы Жамбыл облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жарияланды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті« мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті« бірігу арқылы «М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті« коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылады»,-делінген қаулы мәтінінде. «Елбасының тапсырмасына байланысты әр аймақта бір жетекші жоғары оқу орны болады. Біріктірудің негізінде материалдық-техникалық, оқу-зертханалық база дамиды, ғылыми потенциал өседі деп күтілуде. ТарМУ – аймақтағы білімнің, ғылымның, мәдениеттің, рухани байлықтың орталығына, мемлекеттік жастар саясатының көшбасшысына айналады деп ойлаймын»,-дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе