Бөрлі ауданында жаңа балабақша ашылды - БҚО

ОРАЛ. 1 Бөрлі ауданының Қызылтал ауылында 320 орындық жаңа балабақша ашылды.Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгінов қатысып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан балабақшаға 11 ноутбукты табыс етті.

А.Көлгіновтің атап өткеніндей, аталмыш нысан республикалық бюджет қаржысы есебінен сегіз айда салынды. Құрылысты «СВ+» ЖШС жүргізді. Балабақшаға он жас маман қабылданып, кадр мәселесі де шешілді. Онда музыкалық және дене шынықтыру залдары мен өзін-өзі тану, ағылшын және орыс тілі кабинеттері бар. Сондай-ақ жақын күндері компьютер сыныбы да жұмыс жасай бастамақ. Енді аталмыш ауылдағы 3-5 жас аралығындағы балдырғандар балабақшамен тегіс қамтылмақ.

Өңірде бүлдіршіндердің 94 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, бұл жөнінен БҚО еліміздегі алдыңғы үш облыстың қатарында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе