Қазақстандық 124 оқушы Қытайдағы жазғы лагерьде қытай мәдениетімен танысады

Бүгін Бейжіңде Қытайға 11 күнге созылатын жазғы лагерьге қатысуға келген қазақстандық оқушылардың кездесу шарасы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.Қазақстандық оқушылар көрнекті жерлерді аралап, қытай мәдениетімен танысады.

«Бүгін мемлекеттеріміздің халықтары достық шежіреміздің жаңа парақтарын жазуда. Қытайлықтар жас кезіңде жат жерде болсаң, ол ұзақ жылдар бойы жадыңда сақталады дейді. Егер, жас кезіңде достық қарым-қатынас орнатсаң, ол өмір бойына жалғасады», - деді кездесу шарасында ҚХР Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюнь.

Тянь Сюэцзюнь қазіргі уақытта Қытайда шамамен 14 мың қазақстандық студент білім алып жатқандығын айта кетті.

Олардың 1 100-і қытай мемлекеттік гранты негізінде білім алуда. 2017 жылдың маусым айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапары барысында бес жыл ішінде Қытай тарапы ҚР студенттері үшін гранттар санын тағы 200 адамға арттыратындығын мәлімдеді.

Жазғы лагерь - Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы білім саласының маңызды шарасы. Қытай білім министрлігі 2014 жылдан бастап бес жыл ішінде ШЫҰ-ына мүше-елдердің оқушыларын жазғы лагерьге шақыруды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін Қытайға Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан едерінің әрқайсысынан 200 оқушы келген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе