2015 жылы Жамбыл облысында 23 балабақша ашылады (ФОТО)

Аймақта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны артып келеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек  Сапарбаев қатысқан жиында.Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, өткен жылы өңірде 16 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған. «Балапан» бағдарламасы бойынша  2010-2014 жылдары облыста 218 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған, соның ішінде 82 балабақша мен 136 шағын орталық бар.

Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны екі есеге көбейді. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың  48,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.  С. Құрманбекова аймақтағы білім беру жүйесінің дамуы жайлы баяндады.

«Экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекеттің әлеуметтік қамту бойынша тапсырмалары орындалып жатыр, - деп атап өтті ҚР вице-премьері. - Ұлттық қордан апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешу үшін қажетті қаражат бөлінді.  Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша қазақстандық экономика  2,3 пайызға өсті».

Б. Сапарбаев  мектепке дейінгі тәрбие беру бағытында мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестігін нығайту керектігіне көңіл бөлді.

Елбасының 3 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі тәрбиемен қамту тапсырмасын жүз пайыз жүзеге асыру үшін Жамбыл облысында жеті жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Оған сәйкес 2020 жылға дейін мұнда кем дегенде 88 балабақша мен 53 шағын орталық салынуы тиіс.

Жамбыл облысында барлығы  391 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі жұмыс істейді. Онда  41 424 бала тәрбиеленуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе