Алматы әкімі бірқатар білім беру нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды

Алматы әкімдігінде өткен жиында қала басшысы Ахметжан Есімов бірқатар білім беру нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.«Ілкі жоба аясында жылдың соңына дейін әрбір ауданда бір-бір балабақшадан мемлекеттік-жеке серіктестік қағидасы негізінде концессияға немесе сенімгерлік басқаруға беру қажет. «Бақай» ықшам ауданындағы мектептің, жеті жанама құрылыс нысанының салынып бітуін, 19 білім беру нысандарының сейсмикалық күшейтілуі мен күрделі жөндеуден өтуін қадағалауды күшейту керек. 18 балабақшаның салынуын, оның ішінде 16-сының 2014 жылы іске қосылуын - ерекше бақылауға алу қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім биыл жарияланған Білім жылы аясында Алматыда осы саланы қаржыландыруға 2014 жылы бюджеттен 71,4 млрд. теңге қарастырылғанын атап өтті. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғары.

Қала басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласында да көптеген мәселелердің шешімі кезек күттірмейді.

Ахметжан Есімов екі денсаулық сақтау ұйымын сенімгерлік басқаруға көшіруді, емханаға айналдыруға болатын ғимараттарды сатып алуды және де денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жатақхана салуды тездетуді тапсырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе