Алматылық оқушылар құрастырған роботтар Вашингтондағы сайыста үздік 10-қа енді

Алматылық оқушылар құраған роботтар Вашингтонда өткен сайыста үздік 10-қа енді, деп тілшісі.Мұхиттың ар жағында өткен халықаралық FIRST GLOBAL CHALLENGE 2017 жобасына 160 елдің командалары қатысты.

Халықаралық жобада Қазақстанның намысын Алматыдағы физика-математика және химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қорғады.

Командада барлығы 8 оқушы болды.

Айта кету керек, оқушылар бұл құлтемірлерді ақпаннан бастап құраған.

Ұйымдастырушылар барлық командаға роботтардың тек бөлшектерін ғана жіберген. 160 елдің оқушылары 5 ай ішінде бір-бірімен онлайн режімде кеңесе отырып құрап шықты.

Команда мүшесі Даниса Сандықбаеваның әкесі Қайрат Сандықбаев жұмыс процесінің қалай жүргенін айтып берді.

«Барлық 160 мемлекет бір комплект бөлшек жіберді. 8 дөңгелек, 4 қозғалтқыш, джойстиктер, болттар тағы басқа. Осы бөлшектерді әр команда әрқалай құрайды. Өздері бағдарлама жасайды. Роботтар қызыл және көк шарларды тауып, анықтап, оларды бөлек жинауы тиіс болатын. Ойынның негізгі идеясы өскелең ұрпақтың экологиялық мәселелерге назарын аударту. Көк шарлар суды білдірсе, қызыл шарлар жер бетіндегі лас дүниелерді көрсетеді», - деді Қайрат Сандықбаев.

Оның айтуынша, бұған дейін Назарбаев университетінің оқушылары арнайы зертханада футбол ойнайтын робот құрап шығарған.

Ата-аналардың бірі - Айжан Тіленбекованың айтуынша, балалар медаль алмағандарына мұңайып, бір күн бойы ата-аналарымен сөйлеспей қойған.

«Футбол роботтарын құрау оңайырақ. Ал мына байқауға робот құрау үшін математикалық, инженерлік білім керек. Ұпай барлық жағынан жүргізілді. Атап айтқанда, роботтардың қозғалысы, шарды табуы, отырып-тұрып алуы, жылдамдығы барлығы есепке алынды», - деді А.Тіленбекова.

Үздік нәтиже көрсеткен команда бүгін Вашингтоннан Алматыға ұшып келеді. Ата-аналар мен мектеп ұжымы жеңімпаз балаларды күтіп алуға дайындалып жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе