Астанадағы Аграрлық университетте «Жігіт сұлтаны - 2012» байқауы өтті

АСТАНА. 22 Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жігіт сұлтаны - 2012» байқауы өтті.Қоғамдық мамандықтар факультетінің ұйымдастыруымен өткен байқау 4 кезеңнен тұрды. «Мен, мен едім, мен едім» сайысында қатысушылар өздерін таныстырып, киім үлгілерін көрсетті. Қазылар алқасы олардың сахнада өздерін ұстай білу мәнерін де бағалады. «Ақынмын ақылыммен ел таныған...» кезеңінде өздерінің арнау өлеңдерін, қазақтың танымал ақын-жырларының туындыларын оқыды. «Жігітке жеті өнер де аз» кезеңінде жігіттер ән айтып, би билеп және басқа да шығармашылық талаптарын паш етсе, «Салауатты өмір - салтымыз» сайысында кір көтеру, қол күресі - спорт түрлерінен бақтарын сынады.

Байқау нәтижесі бойынша, агрономия факультетінің 1 курс студенті Ербол Жақсыбеков 2012 жылдың «Жігіт сұлтаны» атанып, алғыс хатпен, күміспен қапталған қамшымен және 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталды.  Жүлделі 2-орынды жеңіп алған компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 1 курс студенті Апасқан Абылайханға 15 мың теңге, 3-орын жеңімпазы, осы факультеттің 1 курс студенті Мұсаев Саянға 10 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылар табысталды.

Қатысушылардың барлығы әртүрлі аталымдар бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе