Қазақстанда 2015 жылға қарай 94 жатақхана мен Алматы және Астана қалаларында екі студенттік қалашық салынады - Білім министрі

ТАРАЗ. 3 Елбасының тапсырмасы бойынша біз 2015 жылға қарай 94 жатақхана мен Алматы және Астана қалаларында екі студенттік қалашық салуды жоспарлап отырмыз.Бұл туралы Жамбыл облысының активімен кездесу барысында, Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған міндеттерін талқылай келе ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Сонымен қатар ол, жастар саясаты туралы заңның жобасына оқып жатқан жастар үшін жолақы төлемін субсидиялау ережелері туралы ұсыныстар енгізілгенін атап өтті. Студенттердің басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етілмеген жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханалар желісін кеңейту мәселесі шешіліп жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша Білім министрлігінің республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе