Бейжіңде оқитын Қазақстан студенттері Қытай журналистерімен жүздесті

АСТАНА. 8 Жақында Қытайдың астанасы Бейжіңде оқып жатқан студенттермен Қытай халықаралық радиосының журналистері сұхбаттасты.Сұхбат кезінде Бейжіңде білім алып жүрген студенттер алып шаһар жайлы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz Қытай халықаралық радио сайтына сілтеме жасап. 

«Қытайдың бас қаласында оқу біз үшін мақтаныш. Бейжің - үлкен қала. Ең алғаш келгенде метроға отырып базарға шығамыз деп адасқанымыз есімізден кетпейді. Сол кезде жол-жөнекей жолыққан қолында жүгі бар бір кісі университеттің қақпасына дейін жеткізіп салып еді. Бұл қалада әр елдің адамдары жиналған. Көптеген мәдениеттердің тоғысқан орталығы деуге болады. біз осындай мүмкіндіктермен қатар жақсы білім игеріп, болашақта Қазақстан үшін еңбек етсек дейміз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытайдың достық қарым-қатынасы нығаюда. Қытай сияқты дамыған алпауыт елмен тығыз байланыста болып, бірге даму біздің ел үшін өте игі іс болары сөзсіз. Қытай басшысы Қазақстанға сапарлай барып Назарбаев университетінде дәріс оқитынын естіп қуанып жатырмыз», - дейді студент жастар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе