Елбасы Менделеев олимпиадасының қатысушыларына құттықтау жолдады

АСТАНА. 24 сәЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының қатысушыларына құттықтау жолдады.Мемлекет басшысының құттықтауын білім сайысының салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед оқып берді.

ҚР Президенті өз құттықтауында соңғы жылдары еліміз жастар арасындағы бірқатар мәртебелі интеллектуалды жарыстардың орталығына айналғандығын, республика осымен екінші мәрте талантты жас химиктерді қабылдап отырғандығын атап өткен.

«Осы жолғы ғылыми форум әлемнің 20-дан астам елдерінің өкілдерін жинап отыр. Индустриалды-инновациялық даму жолын таңдаған біздің еліміз үшін мұның ерекше маңызы бар. Өйткені химия саласы кез келген заманауи экономиканың маңызды негізін құраушы болып табылады», - деді Н.Назарбаев өз құттықтауында.

Мемлекет басшысының пайымынша, химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы мектепте химиядан білім беруді дамытуға өз септігін тигізіп, талантты оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік береді.

«Сіздердің көпшілігіңіз үшін бұл олимпиада үлкен ғылым әлеміне бастар алаңға айналатындығына сенімдімін. Барлық олимпиада қатысушыларына осы интеллектуалды жарыста жоғары нәтижелер, жаңа ғылыми жаңалықтар, сәттілік тілеймінІ», - деп түйіндейді Елбасы өз құттықтауын.

Айта кетейік, Халықаралық Менделлев олимпиадасы жыл сайын сәуір айының соңы мен мамыр айының басында өткізіледі. Ол Бүкілодақтық химия олимпиадасының заңды жалғасы. Онда жүлделі орындарға ие болған оқушы ММУ-ге немесе ТМД-ның кез келген жоғары оқу  орнына тегін түсе алады. Биыл білім сайысына Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Македония, Франция сынды елдерден 112 оқушы қатысуда. Келесі, 47-ші Менделеев олимпиадасы 2013 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе