Сәбина Алтынбекова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті атанды

Сәбина Алтынбекова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі оқуын бастады, деп хабарлады оқу ордасының баспасөз қызметінен.«Дұрыс шешім қабылдадым деп сенемін. ҚазҰУ - елдегі үздік кадрларды дайындайтын білім ордасы. ҰБТ тапсырғаннан кейін құжаттарымды бірден осы университетке тапсырдым. 10-шы сыныптан ҚазҰУ-ды білемін. Қатты ұнайды. Жастардың көбі осында білім алуды армандайды, менің арманым да орындалды», - дейді волейболшы.

Сәбина биология және биотехнология факультетінде «дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алады. Студент алғашқы дәрістерге де қатысып үлгерді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе