Өңірлерді дамытуға бөлінген қаржының тиімді жаратылуын әрбір әкім жіті қадағалауы тиіс

Өңірлерді дамытуға бөлінген қаржының тиімді жаратылуын әрбір әкім жіті қадағалауы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.Мемлекет басшысының атап өтуінше, 2020 жылға дейін өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында жыл сайын өңірлерге шамамен 500 млрд. теңге бөлінбек. «Бұл қаржы өңірлерде тиімді пайдаланылуы тиіс. Әрбір әкім Үкіметпен бірге  мұны жіті қадағалауы қажет», - деді Н.Назарбаев.

Осы ретте Елбасы аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде мектеп жанындағы интернаттарды қайта жаңғыртуға болатынын ескертіп өтті. «Апатты мектептер»   жайында айтқанда, мен облыстарды аралап жүріп министрлік ондайларды стандартқа сай келмейді деп санайтындықтарын байқадым. Ал қазіргі стандарттар мен сендерге айтқанымдай, сарайлар, біз оларға ақшаның молдығынан жол беріп қойдық. Бала таза төрт қабырғасы, сыныбы бар мектепке келіп білім  алуы, одан кейін үйіне қайтуы қажет», - деген Мемлекет басшысы мектепке би залының, музыкалық сыныптың, бассейннің қажет еместігін баса айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе