Назарбаев Университетінде туберкулезді ерте анықтауға арналған биосенсор жасалуда

АСТАНА. 21 Назарбаев Университетінде жасалып жатқан оптикалық биосенсор туберкулез ауруын ерте және дәл анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады университеттің ассистент-профессоры Дамира Қанаева pm.kz сайтына берген сұхбатында.Назарбаев Университетінің Биосенсорлар және биоаспаптар департаменті биологиялық талдаманың негізінде адам ағзасында туберкулез таяқшасының бар-жоғын тез және дәл анықтап беретін оптикалық биосенсор жасау жобасын жүргізуде. «Жобаның бірегейлігі сол, биосенсор туберкулезді анықтау кезінде сапалық көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік береді және оның қорытындысы нақты болады»,- деп атап көрсетті Д.Қанаева.

Ғалымның айтуынша, бұл аппараттың ерекшелігі сол, қорытынды зерттеме тез жасалады. Кәдімгі консервативтік диагностикаға бірнеше күн уақыт кетсе, биосенсор 3 сағаттың ішінде нәтиже береді. Оған қоса, оптометрдің ауруды ерте кезден анықтау мүмкіндігі бар, бұл диагностикада ең маңызды мәселе.

«Оптикалық биосенсордың жұмысы магниттік нанобөлшектерге, кванттық нүктелер мен туберкулезді ерте анықтауға мүмкіндік беретін оптометрлерге негізделген»,- дейді Дамира Қанаева.

Сондай-ақ, жаңа аппараттың икемділігі де зор болмақ және оны кез-келген компьютерге қосуға болады.

Ғалымның айтуынша, бұл оптикалық биосенсор денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жоба болып табылады. «Жасалып жатқан биосенсор бізге туберкулезді анықтау деңгейін жақсартуға және еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - дейді ассистент-профессор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе