Шанхай студенттері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қалай атап өтті

Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының Шанхайдағы бөлімшесінің өкілдер (KSAC) мерекелік концерт өткізіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап бейнеролик дайындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.Іс-шара Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Азия және мұхит елдеріндегі Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдігінің қолдауымен өтті. Оған 100-ден астам адам қатысты. Олардың басым бөлігі Қазақстан, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Индонезия мен өзге де шет мемлекеттердің студенттері.

«Мемлекеттік Әнұран орындалып, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Жошыхан Асылбекұлы Қыраубаевтың сөзінен соң, қазақстандық студент қыздар қалың көпшілікті мың бұрала билеген халық билерімен тәнті етті. Ақерке, Әлинұр мен Үміт қазақ эстрадасы әртістерінің әндерін орындап, Сағыман домбырада ойнап, «Көкшетау», «Тау ішінде» атты халық әндерін шырқады. Гаухар «Ерке сылқым» күйін орындаса, Алтынай «Тәуелсіздік таңы» поэмасынан көріністер сомдады. Кеш онда келушілердің барлығына ұнады. Көптеген қонақтар осы кештен алған әсерлерімен камера алдында бөлісті. Оларды біз бейнеролик үшін пайдаланамыз»,-деді Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының Шанхайдағы бөлімшесінің (KSAC) төрағасы, Шанхай қаржы және экономика университетінің студенті Дулат Бахтияров.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе