Отандық қаржы жүйесінде біліктілігі жоғары мамандар жеткіліксіз -ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. 23   - Экономикалық жаһандану мен стандарттау үдерістері мамандарға қойылатын талаптарды қатайтуда.Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев бүгін Алматыда өтіп жатқан «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» тақырыбындағы VIII республикалық оқу-әдістемелік конференцияда айтты.

«Білім беру бұл тек қоғамның интеллектуалдық әлеуетін ұдайы өндіру ғана емес, сонымен қатар экономиканың тиімділігін арттыруда  аса маңызды тетік. Жоғары кәсіби мамандар мемлекет ішінде ғана емес,  сонымен бірге әлемдік қауымдастыққа қызмет етуге қабілетті. Жұмыс берушілер мамандардың кәсіби дағдылардан бөлек, шет ел тілдерін, компьютерлік техникаларды, арнайы бағдарламаларды білуіне мүдделі», - дейді Д. Ақышев. Оның айтуынша, Қазақстан жаһандық экономиканың бір бөлшегі ретінде кәсіби мамандарға, оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан қаржы саласының өкілдеріне мұқтаж. Қазіргі таңда отандық қаржы жүйесінде біліктілігі жоғары мамандар жеткіліксіз. Сұраныс ұсынысты тудырады. Осыған орай экономикалық мамандықтағы мамандар дайындайтын факультеті жоқ жоғары оқу орны жоқ десе де болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе