Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтықтан білім беру жобасының тұсауы кесілді

АЛМАТЫ.  21 Қазақстанда тұңғыш рет қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде мүгедек балаларды ҰБТ-ға дайындау  жобасы қолға алынып, Алматыда алғашқы ілкі жобаның тұсауы кесілді.Мұндай игі бағдарламаны орындаушылар  - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Тұран» университеті мен «JTI» ЖШС компаниясы және Қазақстандағы БҰҰДБ.

Жобаның негізгі мақсаты - қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану негізінде ерекше қажеттілігі бар мүгедек адамдарды сапалы біліммен қамтамасыз ету болып табылады.

«Мүгедектерге арналған жаңа тұжырымдама қолға алынып жатыр. Соның бірі әрине, балаларды оқыту. Оларға мамандық беру мәселесі болып табылады. Сондықтан, қандай да бір істі бастағанан кейін, оның қандай кемшіліктері бар, қай жерге көңіл бөлу керек, қандай әдістеме жағын дамыту керек, соны біліп алуымыз қажет,-дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.  

Оның айтуынша, ілкі жобаға мүмкіндігі шектеулі 20 бала қатысады. Олар  6 ай ішінде ұлттық бірыңғай тестке дайындалып, қалаған мамандығы бойынша ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алатын болады. Ал, қаржыландырушы компаниялар іріктелген 20 баланың үйіне қажетті компьютер мен байланыс құралдарын орнатып, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасайды. Алдағы уақытта елімізде тіркелген 50 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығына білім беру үшін қашықтықтан оқыту жобасын жетілдіру қолға алынатын болады.

 Ал жобаның құны  3 миллион теңгені құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе