Алматыда кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында әскери тренажер өндірісі ашылды

Алматыда кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында әскери тренажер өндірісі ашылды. Өндіріс орны «Алматыэнергосервис» ЖШС жаңа желісі ретінде іске қосылды.Ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Компания енді әскери ұшқыштар мен танк механик-жүргізушілерін, жүк көлігі жүргізушілерін жаттықтыратын тренажерлер шығарумен айналыспақ. 

Бір айтарлығы, бұл Қазақстандағы алғашқы әскери сала мамандарын дайындау, қайта дайындау жоғарғы технологиялық орталығы болып отыр.

Тренажерлердің барлық бөлшектерін жергілікті қызметкерлер еурпалық скандау технологиясына сәйкес және 3D форматта модельдеу арқылы жасады.

Жоба жүзеге асса, 25 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Инновациялық жобаға қатысуға жоғарғы оқу орындарының 60-қа жуық студенті қызығушылық білдірген.

Айта кету керек, Алматыда өндірілетін тренажерлер әлемдік деңгейде сұранысқа ие. Отандық өнім Вьетнам еліне жеткізілді. Солтүстік Африка, Моңғолия, Бангладеш пен Пәкістан елдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімі «Colibri» сауда үйінің ашылуына қатысты.

Сауда орталығының жалпы көлемі 12 мың шаршы метр. Аталған ғимаратта тұрмыстық техника, киім бутиктері, 3 мейрамхана, 100 көлікке арналған автотұрақ бар. Жаңа нысанда 180 адам еңбек етіп, нәпақа тауып отыр.

Мамандардың айтуынша, жаңа сауда орнында Алматы және Алматы облысы тауар өндірушілердің өнімдерін қоюға үлкен жеңілдік берілмек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе