Лондонда британдық және қазақстандық университеттердің форумы болып өтті

2 қараша күні Лондонда Ұлыбритания және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліктері басшылығының қатысуымен британдық және қазақстандық университеттердің (UK - KazakhstanUniversitiesForum) бірінші форумы өткізілді.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Ұлыбританияның Кәсіпкерлік, инновациялар және дағдылар министрлігі, Британдық Кеңес және UK Trade & Investment-тің қолдауымен шақырылған форум басшылары face-to-face  форматында халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру саласында ынтымақтастық болашағын талқылаған 35 қазақстандық және 32 британдық ЖОО үшін тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналды.

Атап өткендей, пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Ұлыбританияның жоғары білім беру бойынша Халықаралық агенттігінің саясат жөніндегі директордың орынбасары Дэн Ша, Алматы менеджмент университетінің ректоры А.Қожахметов, Уорик университетінің басшысы Яна Полмовски, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғ.Нығыметов сөз сөйледі.

Кездесу барысында қазақстандық мамандарды Ұлыбританияның жетекші ЖОО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басымдық жобалары үшін даярлау мүмкіндіктері қарастырылды. Форумның қатысушылары одан әрі ынтымақтасу болашағын талқылап, бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын іске асырудың, соның ішінде жас ғалымдардың «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының аясында SplitPhD бағдарламасы бойынша даярлаудың жаңа бағыттарын атап өтті.

Форум алаңы отандық ЖОО-дың өкілдеріне қазақстандық білім беру сегментінің экспорттық әлеуетін таныстырып, британдық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік берді. Face-to-face meetings форматында британдық және қазақстандыұ ЖОО-ның алдағы ынтымақтастығы туралы барлығы шамамен 100-ге жуық уағдаластықтарға қол жеткізілген.

Сондай-ақ шара қорытындылары бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылған. Осылайша, мысалы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев университеті және Кембридж университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Осыған ұқсас меморандумдар сондай-ақ екі елдің басқа да ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік ЖОО-ның арасында жасалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе