Студенттер Қазақ хандығының 550-жылдығы құрметіне Оңтүстік Корея жолдарымен жүріп өтті (ФОТО)

Студенттер Қазақ хандығының 550-жылдығы құрметіне Оңтүстік Корея жолдарымен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.Жас энтузиастар үш күн ішінде күздің көркем көрінісіне малынған Таң самалы елінің 550 км жолы арқылы жүріп, Ұлы Дала елі туралы жол бойы кездескендерге кеңінен таныстырды.        

12 адамнан тұратын велосипедтік команда сапарын 2015 ж. 7 қазанда Сеулден бастап, Соннам, Сувон, Осан, Чонан қалаларына тоқтап, Сэджон әкімшілік орталығы арқылы Оңтүстік Кореяның технологиялық бас қаласы Тэджонға жетіп, ү.ж. 9 қазан күні Сеулге қайта оралды.

Осы іс-шараның басты мақсаты - Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ілгерілету. Қазақстандық студентер өз үлгілерімен адамның мүмкіндіктерін және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе