Бейжіңде ертең қазақстандық студенттердің құрылтайы өтеді

Бейжіңде 30 мамыр күні Қазақстан студенттерінің III құрылтайы өтеді. Оған Қытайдың Шанхай, Сиань, Бейжің, Ухань, Үрімжі, Гуанчжоу, Чунцин, Тянцзинь, Далянь, Ханчжоу  сынды 10 қаласынан 200-ге жуық делегат қатысады.Құрылтай жыл сайын өтеді. Ол ҚХР-да оқитын қазақстандық жастардың танысу орнына айналған. Онда студенттердің маңызды мәселелері, оларды шешудің жолдары мен механизмдері талқыланады.

Шара Қытайда оқитын қазақстандық студенттердің қауымдастығы мен  Қытайдағы ҚР Елшілігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді.

Қазақстандық студенттердің бірінші құрылтайы 2012 жылдың мамыр айында Сиань қаласында ұйымдастырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе