Оралда «Білім. Туризм. Интеграция» тақырыбында халықаралық форум өтуде

ОРАЛ. 17 Оралда бүгін «Білім. Туризм. Интеграция» тақырыбында халықаралық форум басталды.Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан түскен мәліметке қарағанда, екі күндік басқосуға Қазақстан мен Ресейдің, ТМД-ның басқа да елдерінен балалар туристік ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Шара мақсаты - балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында ынтымақтастықты дамыту, ТМД халықтары және туристік-өлкетану ұйымдары арасында өзара түсіністік пен сенімді, достықты нығайта түсу.  Форум білім беру мекемелерінде туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру жүйесінде жиналған тәжірибені талдауға, балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетанудың болашағымен танысуға, өзара тиімді  әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіншілік береді. Онда балалар мен жасөспірімдер туризмі әдістемесі мен тұғырнамасы, халықаралық туристік бағыттар, оқушылардың клубтық-үйірмелік жұмысы, отаншылдық рухты, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз өлкесі мен тарихын қастерлеу сынды кең ауқымды мәселелер талқыланбақ..

Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері, танымал альпинист, спортшы, турист Сейтжапар Абдамбаевтың мүсіні ашылмақ. Облыстық «Хрустальды шоқыр» байқауының жеңімпаздары марапатталып, ертең форумға қатысушылар Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Сырым, Тасқала аудандары балалар туризмі орталықтарының жұмысымен танысады.

Басқосудың қорытындысы ретінде бірлесіп жұмыс жасау мақсатында Еуразия балалар туристік ұйымдары одағын құру көзделіп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе