Астанада екі жаңа мектеп ашылады

Астанада қыркүйек айында ашылған бес мектептен басқа, тағы да жаңа екі мектептің құрылысы аяқталды, деп хабарлады astana.gov.kz.Құрылыс басқармасының хабарлауынша, осы айда нысандарды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі кезде ішкі әрлеу және абаттандыру, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы білім беру мектептері Комсомольский тұрғын алабында және Есілдің сол жағалауында, №19 көшенің оңтүстігінде және жаңа № 4 шағын ауданда тұратын 2 400 балаға арналған. Жаңа мектептердің ашылуы сыныптардағы жүктемені азайтып, оқушыларды мектептердің арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, бұл балалар үшін де қолайлы болмақ, енді олардың мектепке барып-келуіне аз уақыт кетеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе