Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ шетелдік ғалымдармен кездесті. Олардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал профессорлар, компания басшылары мен бұрынғы президенттер бар. Барлығы Астана экономикалық форумына қатысуға келді. Президент оларды Ақордада қабылдап, әлемдегі саяси-экономикалық жүйенің қалайша өзгеріп жатқанын жеткізді, деп xтілшісі.«Бүгінде теxнологиялардың дамуымен айналадағы әлемнің қалайша өзгеріп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Электромобильдер, жүргізушісі жоқ көліктер, нанотеxнологиялар, энергияның жаңа көздері - бәрі-бәрі бұрын футуристік көзқарас болып саналатын. Қазір соның барлығы келді. Әлемдік саясатта да біраз өзгерістер болып жатыр. Жақында біз Шанxай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитін өткіздік. Сол кезде ұйымның құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Осылайша, біздің қатарымыз 3 млрд адамнан асты. Бұл әлемдік экономикада ғана емес, әлемдік саясатта да басты фактор болып саналады», - деді Назарбаев кездесудің барысында.  

Осы орайда Мемлекет басшысы Тынық мұxиттан Батыс Еуропаға дейін жалғасатын Жібек жолының жанданып жатқанын жеткізді. Осының нәтижесінде жаңа саяси-экономикалық полюстар қалыптасып келеді. Ол да шынайы өмірдің көрінісіне айналды. 

Айта кетейік, шетелдік делегацияның құрамында Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Хорватияның вице-президенті Степан Месич, Нобель лауреаттары - Чунг Рае Квон мен Святослав Тимашев, БҰҰ ЭКОСОС төрағасы Шава Мусива, «ДжейПи Морган Чейз Интернешн» корпорациясының басшысы Джейкоб Френкель, Ресей ғылымдар академиясының вице-президенті Анатолий Спицын, ҚХР Әлемдік экономика орталығының директоры Давид Даокуи Ли, Оңтүстік Кореяның жаһандық экономика институтының президенті Иль Саконг, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңестің басшысы Питер Тичанский, «Джоинт Виенна» иснтитутының директоры Джон Перкинс, Пристон университетінің профессоры, «Жаһанданудың ақыры» бестселлерінің авторы Джеймс Гарольд, Колумбия университетінің ғалымы Нассим Талеб пен «Бостон Косалтинг Групп» директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнер бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе