«Білім» телеарнасы TED лекцияларының көрсетілімін бастады

АСТАНА. 10 «Білім» телеарнасы TED лекцияларының көрсетілімін бастады. Осыған байланысты ертең, 11 желтоқсанда «Қазмедиа» орталығында  TED лекцияларына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлады "WikiBilim" қоғамдық қоры.Баспасөз мәслихатына «Хабар Агенттігі» АҚ «Білім» телеарнасының директоры Ғазиза Жаппарова, "WikiBilim" қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы қатысады.

TED ( Technology Entertainment Design дегеннің ағылшынша аббревиатурасы, оны «Ғылым, Өнер, Мәдениет» деп аударуға болады) - бірегей идеяларды таратуды («ideas worth spreading») мақсат тұтқан, жыл сайын конференциялар ұйымдастырумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес қор. Конференцияның «Таратуға тұрарлық идеялар» деп аталатын слоганы айтып тұрғандай, конференцияның басты мақсаты - мүмкіндігінше көп адамдарға қызықты идеяларды жеткізу.

Әр жылдары Билл Гейтс, Эл Гор, Гордон Браун, Билл Клинтон, Нобель сыйлығының иегерлері Джеймс Уотсон мен Мюррей Гелл-манн және Википедианың негізін қалаушы Джимми Уэйлс секілді танымал тұлғалар TED-те сөз сөйлеген. Барлық лекциялар конференцияның www.TED.com сайтына орналастырылады. Осы бейнебаяндар жылына 500 миллион рет қаралады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе