Бүгін елордада Шейх Халифа бен Заид Әл-Нахаян атындағы мектептің іргетасы қаланды (ФОТО)

Бүгін Астанада Шейх Халифа бен Заид Әл-Нахаян атындағы мектеп құрылысын бастау рәсімі өтті.Бұл шараға елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков пен БАӘ Президенті істері жөніндегі министрдің орынбасары Ахмед Джумаа Аз-Зааби қатысты.

Атап айтқанда, 1200 орынға арналған мектеп Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ортақ жобасы.

Оқу орны БАӘ тарапынан бөлінген қаржыға салынбақ. Бұл жобаға бөлінген инвестиция 13 миллион долларға бағаланып отыр.

«Біріккен Араб Әмірліктерінің елордада жаңа білім беру мекемесін салу секілді әлеуметтік жобаны қаржыландыруы екі ел арасындағы жоғары достық пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін білдіріп отыр. Бірінші кезекте бұл екі ел басшыларының өзара сенімге құрылған қарым-қатынасы негізінде мүмкін болып отыр», - деді әкім.

Аталған жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл-Нахаян арасындағы келісім нәтижесінде жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде Ахмед Джумаа Аз-Зааби мектептің іргетасын қалау мүмкіндігі екі елдің арасындағы достық ынтымақтастықты нығайту түсуге үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. «Бұл мектеп Шейх Халифа атындағы үлкен қайырымдылық қорының қолдауымен салынғалы жатыр. 3,5 гектар аумаққа орналасатын бұл оқу орнында 1,2 мың оқушы білім алатын болады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе