Павлодар облысындағы іскер әйелдер Қауымдастығы жаңа оқу жылының қарсаңында балалар мерекесін ұйымдастырды

ПАВЛОДАР. 24 Павлодар облысындағы іскер әйелдер қауымдастығы жаңа оқу жылының қарсаңында жиырма бала үшін «Мектепке жол» мерекесін ұйымдастырды, деп хабарлады Инновациялық Еуразиялық Университетінің баспасөз қызметінен.«Сіздерге және ата-аналарыңызға Білім күнінің қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Сіздерге денсаулық және мектепте жақсы бағалар тілейміз», - деді жас қонақтарға арнаған сөзінде Қауымдастықтың басшысы, ИнЕУ-нің вице-президенті Лариса Фрезоргер.

Павлодардың бизнес әйелдері балаларға киім-кешек, аяқ киім, спорттық форма, мектеп бұйымдарын, басқа да оқуға арналған барлық  қажетті заттарды тарту етті.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында бұл сыйлықтар өте қажет. Әрқашан көмекке келуге дайын қайырымды адамдардың арасында өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымын. Отбасымызда бес бала бар, ағам мен әпкем колледжде оқиды, мен де соған оқуға түспекшімін. Інім әлі оқушы, қарымдасым үш жаста. Әкеміз құрылыста жұмыс істейді - үйдегі жалғыз асыраушымыз сол адам, анам үй шаруашылығындағы жан», - деп өз ойымен бөлісті 9 сынып оқушысы Ерхан Алданов.

Балалар мекересі «Крендель» кофеханасының тәтті ас-шайымен жалғасты.

Павлодардың кәсіпкер әйелдері «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға балаларды мектепке даярлауға көмектесіп отырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе