Байқоңырда ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық жарыс аяқталды, Маңғыстау оқушыларында 4 медаль

АҚТАУ. 11 cәБайқоңырда ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» тақырыбымен өткен 8-інші Халықаралық ғылыми жарыстан Маңғыстаулық оқушылардың 4-еуі қола медаль иеленіп қайтты.Оқушыларды ғылыми жарысқа арнайы апарып келген ұстаз Сапар Досановтың айтуынша, халықаралық жарысқа Маңғыстау облысынан 6 оқушы қатысты.

«Қазіргі кезде ғарыш саласы адамзат өмірінің ғылымдағы кең көлемді әрі маңызы зор бөлігі болып табылады. Ғарыш саласындағы іс-әрекеттерге қатысу - бүгінгі таңда мемлекеттің біршама деңгейде саяси мәртебесін анықтайтыны белгілі. Төрт оқушымыз үшінші орынды иеленіп қайтты. Жалпы ғылыми жарыс жоғары деңгейде өтті», - дейді «Қазақ-түрік» лицейінің мұғалімі Сапар Досанов.

Білімдерін сынға салған додаға Ресей мен Қазақстан мемлекетінен 220 оқушы қатысты. Жарыс бес секция бойынша өткізіліп, 160 ғылыми жоба қорғалды. «Күн жүйесі» секциясы бойынша Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары Д. Қамелов пен Н. Әкім үшінші орынды еншіледі. Тағы бір секцияда - «Ғарыш, техника, инфрақұрылымында» облыстық «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары А. Сәуірбаев пен С. Шолтақаев, сондай-ақ қола медальдарға қол жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе