Польшаның Мемлекет басшысы қазақстандық студенттерді мақтады

Польша Президенті Анджей Дуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа поляк университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық жастарды мақтады, деп .«Поляк тілінде жетік сөйлейтін Қазақстанның жас азаматтарымен кездесудің өзі бір ғанибет. Олардың саны артып келе жатыр. Тілді жетік білуі Польшада бірнеше жыл тұрып, білім алуларында деп білемін. Жастар арасындағы барыс-келістің артқанын қалаймын. Ол тек студенттердің арасында ғана емес білім, оның ішінде жоғары технологиялар салаларындағы алыс-беріс болғаны дұрыс», - деді Дуда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті поляк әріптесімен өткен келіссөздер барысында білім және ғылым мәселесіне де баса назар аударылғандығын, бүгінде 700-ден астам қазақстандық Польшаның жоғары оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. «Сонымен қатар ғылым-білім, мәдени-гуманитарлық деңгейді дамытуды қолдаймыз әрі біздің серіктестігімізді жандандыруды да естен шығармаймыз. Бұл ретте, Қазақстанда тұрып жатқан 32 мың поляк диаспорасының рөлі ерекше. Олар біздің азаматтарымыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетерлігі, Польша жоғары оқу орындарында 770-тен астам студент білу алуда. Қазақстанның 27 жоғары оқу орны Польша университеттерімен ынтымақтастық туралы уағдаластық жасаған. 2016 жылдың 6 шілдесінде екі ел арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім күшіне енді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе