Назарбаев Университеті студенттерінің санын 4 мыңға жеткізуіміз керек -Мемлекет басшысы

АСТАНА. 1 Назарбаев Университеті студенттерінің санын 4 мыңға жеткізуіміз қажет. Бұл туралы Елбасы  аталған жоғары оқу орны студенттерімен кездесу барысында айтты.

«Мына университеттің екінші бөлігін салып жатырмыз. Осымен тоқтамаймыз. Студенттердің санын 4 мыңға жеткізуіміз керек»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, өз сөзінде университеттің жақсы зертханалары салынатынын баса айтқан Елбасы: «Қазақстанда бұл университет барлық ғылымның, білімнің негізі болады деп санаймын. Осы университетке қарап, басқа оқу орындары осындай болғысы келеді. Ол оңай емес. Бұл университетке мемлекет өте ауқымды қаржы салып отыр»,-деді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Назарбаев Университетінде 942 студент білім алуда. Оның 482-сі - Foundation бағдарламасында, 460 студент бакалавриаттың 1 курсында оқиды. 2012-2013 оқу жылына Назарбаев Университетіне Қазақстанның барлық аймағынан 4178 талапкер тіркелген. Ал, басқа елдерден 45 өтініш түсті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе