Елімізде 2 млн. 900 мыңдай экономист жұмыс жасайды - профессор Р. Алшанов

АЛМАТЫ. 7 Қазақстанда қазір 140-қа жуық жоғары оқу орнының 86-сында экономика мамандықтары бойынша кадрлар дайындалуда.ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетіне cенбі күні Ахмет Байтұрсынов атындағы орденді тапсыру кезінде айтты.

«Қазір елімізде 2 миллион 900 мыңдай экономист еңбек етуде. Бұл жұмыспен қамтамасыз етілген ел тұрғындарының үштен бірін құрайды. Дегенмен  экономика мамандықтары бойынша дайындалған кадрлардың біліктілік деңгейі әртүрлі. Мәселен қазір жекеменшік оқу орындарының мұғалімдері мен басшыларының 90 пайызын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің түлектері құрап отыр», - дейді экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов. Ғалымның пайымдауынша, экономикалық даму деңгейі жағынан әлемнің 120 елінің алдына шығып кеткен Алматы қаласының өсіп-өркендеуіне Алматыдағы білім беру мекемелерінің қосып жатқан үлесі қомақты. Оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жағынан қазір қалада Т. Тысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті алдыңғы орында келе жатқанын шаһар басшысы Ахметжан Есімов Республика сарайында өткен мерейтойлық салтанаттағы құттықтауында  атап өткен еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе