Тұңғыш Президент күнінде Петропавлда жаңа балабақша ашылды (ФОТО)

Еліміздің Тұңғыш Президенті күнінде Петропавлда 42 орындық жаңа «Колокольчик»  балабақшасы ашылды.Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысты.

Жиылғандарды құттықтаған Айдарбек Сапаров бүгінде Мемлекет басшысы білім саласына көп көңіл бөлетінін атап өтті.

«Тұңғыш Президент күнімен құттықтағым келеді.  Елбасы қолынан келгенін жасап жатыр. Қазір бүкіл әлемге танылдық. Білім беру саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Облыстық бюджеттен 30 пайыз білім саласына бөлініп жатыр. Балабақшада қандай жағдайлар жасалғанын көріп отырсыздар. Бұған мемлекет те өз үлесін қосты. Инфрақұрылымды тартты, сондай-ақ қазір субсидия ретінде 16 мың теңгеден төленеді. Бұл мемлекеттік тапсырыс. Балалар мен олардың ата-аналарына сәттілік тілегім келеді, балалар жақсы тәрбие мен білім алсын», - деді А.Сапаров.

Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде 3-тен 4 жасқа дейінгі 42 петропавлдық тәрбие алады. Олар үшін барлық жағдайлар жасалды. Ойнайтын және ұйықтайтын бөлмелер салынды, ең бастысы - білікті тәрбиешілер мен педагогтар таңдалды. Балаларға логопед, шетел тілінің мұғалімі, қазақ тілінің мұғалімі, хореограф сабақ береді.

Жыл басынан СҚО-да 500 кішкентай солтүстікқазақстандық балабақшаға барды. 2016 жылдың соңына дейін тағы 606 орын ашады. Мұның барлығы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіне тұрған кезекті қысқартып, балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын  96,8 пайызға дейін жеткізуге септеседі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе