Әртүрлі елдердің мектеп оқушылары Қарлаг туралы шығармалар байқауына қатысты (ФОТО)

Қарағандыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қарлаг: болашақ үшін естелік» атты халықаралық шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды.Бұл байқауды Қарағандының «Болашақ» университеті бірнеше жылдан бері өткізіп келеді. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, биылғы жылы шығармашылық сайысқа 350-ден астам шығарма ұсынылды. Өздерінің жұмыстарын мектеп оқушылары Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, сондай-ақ Ресейден, Украинадан және Беларусьтан жолдады.

«Қуғын-сүргіннің қайғылы тақырыбы бізді біріктіреді. Қайда өмір сүрсек те - бұл ортақ тақырып, ортақ қайғы. Сіздердің шығармаларыңыздағы басты желі Қарлаг сабақтарын еске сақтауға үндейді. Біз ойға алған басты мақсат орындалды», - деді қатысушылар алдында сөз сөйлеген «Қарлаг: болашақ үшін естелік» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Нұрлан Дулатбеков.

Байқау қорытындысымен шығармалар жинағы басып шығарылды, оған 150-ге тарта жұмыс енді.

«Бұлар - шығармалар, эссе, сұхбат, өлеңдер. Ең бастысы - балалар тақырыпқа бойлап ене алған. Біз 260-тан астам  қатысушының жұмыстарын атап өттік, соның ішінде қазылар алқасы 40 жүлдегерді таңдады», дейді «Болашақ» университетінің қызметкері Татьяна Смолькина.

Гран-приге 7 жұмыс ие болды.

 «Байқау туралы бізге әдебиет мұғалімі айтты. Біздің отбасымыз қуғын-сүргінге ұшыраған жоқ. Бірақ та мен оған қатысуға ұйғардым. Ондаған жылдар лагерьлерде қасіретті жолдан өтіп, «халық жауы» атанған арғы атамның жақын құрбысының тарихы туралы баяндадым», - дейді Гран-при иегерлерінің бірі, Қарағандыға марапаттау салтанатына шақырылған мәскеулік Алла Владимирова.

Миллиондаған жазықсыз жандар қуғын-сүргін құрбандығына ұшыраған нәубетті жылдарды еске алу болашақ үшін, өткеннің қателігі қайталанбауы үшін қажет, деп атап көрсетеді жоба бастамашылары.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе