Қайрат Келімбетов Шанхайдағы студенттерді оқуға ынталандырды

2016 жылдың 3-5 қараша күндері ҚХР сапары барысында «Астана» халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Шанхай шет тілдер университетіндегі «Қазақстан орталығында» қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды тілшісі.«Келімбетовтің бастамасымен Шанхай қ. ҚР Бас консулдығы, ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы және Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) Шанхай бөлімі осы кездесуді ұйымдастырды. Оған 50-60 қазақстандық - Шанхай шет тілдер университеті (ШШТУ), Шанхай қаржы және экономика университеті (SUFE), Тунцзи университеті, Шанхай технологиялық университеті, Фудань университеті, Шанхай педагогикалық университетінің бакалавр студенттері, магистранттары және докторанттары, ШШТУ оқытушылары және бір ресейлік студент қатысты. Мұндай кездесулер студенттерге өте пайдалы. Қайрат Нематұлы балаларға АХҚО міндеттері мен мақсаттарын, құрылымның келешектегі дамуын түсіндірді. Студенттер кездесуден күш салып, оқуға ынталана түсті», - тілшісіне берген сұхбатта Азия және Океаниядағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілі Берік Сүлейменов.

Фудань университетінің халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат (IMAP) институтының тағылымгері Антон қа берген сұхбатында АХҚО басқарушысымен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті. «Өте сындарлы кездесу болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының ғана емес, мемлекеттік құрылым мен Қазақстанның экономикалық саясаты туралы маңызды тақырыптар көтерілді. Әсіресе, АХҚО құрымына жастарды тарту туралы тезиске қызықтық. Қайрат Келімбетов АХҚО жұмыстарына заңгерлер, қаржыгерлер, бағдарламашылар және өзге салалардағы жас, білімді мамандардың қажет екенін хабарлады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе