Президент күні қарсаңында ОҚО-да зәулім мектеп бой көтерді

Президент күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Дарбаза аулында зәулім мектеп бой көтерді, деп хабарлады  www.24.kz.Енді бір ауысымда 600 бала оқи алады. Ескі ғимарат көп жылдан бері тозып тұрған еді. Онда асхана, акт залы, спорт залы дегендер болмаған. Оқушылар екі ауысыммен оқыса да орын жеткіліксіз болатын. Соңғы жылдары ауылға жастар келіп, шаңырақ саны да көбейе түсті. Сәйкесінше, ауыл тұрғындарының саны артты. Жаңа мектептің салынуына республикалық бюджеттен 700 миллион теңгедей қаржы бөлінген. Жалпы, Сарыағаш ауданында биыл 24 мектептің құрылысы басталған болатын. Оның сегізі қолданысқа беріліп қойды.  - Жалпы ауданымыздағы салынып жатқан 16 мектеп 2015 жылдың қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі. Бізде бес апаттық мектеп болған, оның барлығының сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданындағы апаттық мектептер мен 3 ауысымдық мектептер 2015 жылда толығымен жойылады, деді  Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов,
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе