ОҚО-да 300 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс таба алады

ШЫМКЕНТ. 29 Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 300 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалана алады.Бағдарламаның артықшылықтары туралы шымкенттік колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне ОҚО әкімдігінің өкілдері айтып берді. Облыстық филармонияда өткен кездесу барысында жастар еңбек жолын бастау үшін ауылға бару тиімді екендігін білді.

«Мамандарға 113 мың теңгеге жуық көтермелеу жәрдемақысы және тұрғын үйді сатып алу үшін 2 миллион 470 мың теңге көлемінде бюджеттік жеңілдікті несие түріндегі әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бөлімінің бастығы Қанат Тастанов.

Ол сондай-ақ, жас маманнан әдетте түлектерге жұмысқа орналасуға кедергі болатын еңбек өтілі туралы сұралмайтынын атап өтті. Жастардан жаңа жұмыс орнында бес жыл бойы ынталы еңбек ету ғана талап етіледі. Тәжірибе көрсеткендей, бағдарлама бойынша жұмыс істеуге келгендердің дені ауылда тұрақты қалуға шешім қабылдайды.

Биыл республика бюджетінен ОҚО-ның жас мамандарына бұл бағдарлама бойынша жеңілдіктер үшін 400 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе