«Самұрық-Қазына» ЖМҚ және Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіптік оқу мекемелері арасында Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 25 сәАлматыда 2013 жылғы 24 сәуірде Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ғимаратында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және Алматы қаласы мен  Алматы облысының құрылыс мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын кәсіптік оқу мекемелері арасында Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарланды.

Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім беру мен кадрларды даярлаудың дуалды жүйесін енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР БҒМ, Алматы қаласы мен Алматы облысының Білім басқармаларының қолдауымен жасалды.

Іс-шараның ресми бөлігінде екі жақтың да өкілдері сөз сөйледі: олардың ішінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарушы директоры М.Жолдасов, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры И.Нұрмұханбетов, Талдықорған политехникалық колледжінің директоры Г.Тәкенов, Алматы қаласы Білім басқармасының өкілі,  «Элитстрой Проект» ЖШС, «Ахсель» ЖШС құрылыс компанияларының өкілдері бар.

М. Жолдасов хабарлағандай, Ақтөбе қаласының оқу мекемелерімен жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға сәйкес 2013 жылдың 15 мамырында Ақтөбе қаласының Құрылыс және бизнес колледжінің студенттері «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан «ЮнисСити» ТК құрылыс алаңына өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілмек. «Бүгінгі күні осындай Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Астана және Ақтөбе қалаларында жасалды. «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қоржынына жаңа жобалардың келіп түсуіне қарай, нысандардың орналасуы мен қажеті ескеріліп, қол қойылған Меморандумдар саны артып отырады», - деп уәде етті М. Жолдасов. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бұдан әрі де жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жан-жақты жәрдемдесуге дайын. Бүгіннің өзінде Қазақстанның оқу мекемелеріне құрылыс компанияларындағы бос орындар туралы ақпарат жолданды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе