СҚО-да биыл «Нұрлы жол» аясында 2 мектеп, 1 балабақша салынады

Елбасы тапсырмасына сәйкес апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, балабақша кезегiн қысқарту тұрғысында Солтүстік Қазақстан облысында үш әлеуметтiк маңызы бар нысан бой көтермек. Жобалардың құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргiзiледi, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. - «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберiнде 2 мектеп, 1 балабақша бой көтередi. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 950 млн. теңге бағытталды. Бір білім ошағы Ғ.Мүсiрепов ауданының орталығы Новоишим селосында тұрғызылады. Екінші мектеп Тайынша қаласында бой көтередi. Бұдан басқа, Петропавл қаласында 320 орынға шақталған балабақша салынады. Жоспарға сәйкес, аталған нысандардың құрылысы маусымның басында басталады, - дейді СҚО құрылыс басқармасының басшысы Ратмир Ахметов.

Қазiргi уақытта Ғ.Мүсiрепов ауданының орталығы Новоишим селосында үш ауысымда оқыту проблемасын шешу қажет. Осы орайда бұл елдi мекенде 400 орынға шақталған мектеп-интернат тұрғызылады.- Ағымдағы жылы Ғ. Мүсiрепов ауданының орталығы Новоишим селосында 400 орынға шақталған мектеп-интернат салынады. Онда 200 жатын орны қарастырылмақ. Мектептiң құрылысына қатысатын мердiгер компанияларға конкурс жарияладық. Сәтiн салса, мектеп-интернаттың құрылысы мамыр айында басталып, 2016 жылы қолданысқа тапсырылмақ, - дейді СҚО құрылыс басқармасы бөлiмiнiң басшысы Владислав Лукин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе