ОҚО-да 67 мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Биыл жыл соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 67 білім беру нысаны ғимаратының құрылысы аяқталады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,биыл 104 білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, соның 37-сі пайдалануға берілген.

 «Бұл мектептердің құрылысы облыстық және республикалық бюджеттер есебінен жүріп жатыр. Пайдалануға берілген мектептердің арасында 19 нысан кезінде апатты болып танылған», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Апатты ғимарат санатына жатқызылған тағы 10 мектептің құрылысы да биыл аяқталады. Қалған 27 білім ошағының мәселесін 2017 жылға дейін шешу жоспарланған. Биыл 100 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

«ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов құрылыс алаңдарына бару кезінде мердігерлерден барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды талап етті. Тек сапалы құрылыс материалдарын пайдаланып, оларды мұқият тексеруді, мектеп маңындағы аулалардың абаттандырылуына мұқият көңіл бөлу керек екенін тапсырды», - деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе