Астанада «Ломоносов оқулары» басталды

АСТАНА. 13 сәБүгін Астанада «Ломоносов - 2012» VIII халықаралық ғылыми конференциясы басталды.13-14 сәуір аралығында өтетін студенттер, магистранттар және жас ғалымдар конференциясын Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы ұйымдастырып отыр.

«Конференцияға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген баяндамашылармен қатар, Ресей, Франция, Малайзия, Тәжікстан, Өзбекстан сынды 5 мемлекеттің 600-ге тарта жас ғалымы мен студенттері қатысуда», - дейді Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович.

Биылғы конференция белгілі түркітанушы, Еуразия идеясының негізін қалаушы Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Ғылыми конференцияның негізгі мақсаты - студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жаңа заман ғылымының өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру ісіне жас ғалымдарды жұмылдыру, Қазақстан мен Ресей студенттері арасындағы ғылыми байланысты нығайту.

Әр жыл сайын «Ломоносов оқуларының» қорытындысында тезистердің 2 не 3 томы жарыққа шығып отырады.  Аталмыш тезистердің тәжірибелік және ғылыми құндылығы айрықша.

Шара шеңберінде математика, информатика, экономика, филология, экология және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы келелі мәселелерді арқау ететін тақырыптарды талдау қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес, 6 сала бойынша 593 баяндама тыңдау жоспарланып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе