Павлодарлық оқушылар Қатардағы жаратылыстану-ғылыми олимпиададан жүлдемен оралды

Дохада өткен Жас өрендердің халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасынан павлодарлық оқушылар «Күміс» медаль алды, деп тілшісі.

«Доха (Қатар) қаласында Оқушылар арасындағы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы аяқталды. Жас өрендердің интеллектуалдық турниріне Қазақстанның атынан Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Дінмұхаммед Рақымжанов пен Владирмир Лим қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Дінмұхаммед пен Владимир күміс медальдармен марапатталды», - деп тілшісіне Павлодар облысының Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрмат. Ол бұл жарыстың балалар қатысқан екінші халықаралық олимпиада екенін атап өтті. «Өткен жылы олар Ботсванада (Оңтүстік Америка) қола медаль иеленген болатын», - деді Б. Нұрмат.Авторы Антон Гагарин
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе