Астанадағы ҚазАТУ жанында Конфуций институты құрылады (ФОТО)

Бүгін Астанадағы С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық университеті жанында ауыл шаруашылығы саласындағы Конфуций институтын құру туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.Аталған құжатты ҚазАТУ ректоры мен ҚХР-дың Синьцзянь аграрлық университінің ректоры бекітті. Меморандумға қол қою рәсімі «Білім мен ғылымда Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: дамудың тәжірибесі мен болашағы» атты дөңгелек үстел аясында өтті.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев екі елдің арасындағы білім беру мен ғылым саласындағы бірлескен бастамаларына тоқтала келе, бірлескен қолданыс үшін бәсекеге қабілетті инновациялар тұрғысында университет стратегиялық жобаларды жоспарлағанын атап өтті. Бұл тұрғыда  Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті кампусының базасында бірлескен ветеринария зертханасын құру қарастырылып отыр.

Сонымен қатар дөңгелек үстел аясында техникалық факультетте Ауыл шаруашылығының қазақстандық-қытайлық механизация орталығының ашылуы өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе